Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
14
март
2023

Асханадағы "Ашық есік" күні

Асханада «Ашық есік» күні өтті.
              А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 2023 жылдың  14 наурыз күні мектеп асханасында тамақтандыру жұмыстарын жетілдіру, тиімді тамақтануды насихаттау, оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «АШЫҚ ЕСІК» күні өткізілді.
            Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың және бастауыш сынып оқушыларының бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған. «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі, күнделікті ас мәзірі ілінген.
 Ата-аналар мектеп асханасындағы тамақ түрлерін, тазалығын көріп, өздерінің оң пікірлерін білдірді. Мектептегі тамақты ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік күнінің нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде ата-аналардың ақпараттық деңгейі артты.Тиімді тамақтану сапалы білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен насихаттар жүргізілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив