17
октябрь
2022
Дәстүрлі үрдісті жалғастыру мақсатында 7-сынып оқушылары мектеп кітапханасында 20 минуттық кітап оқып, оқыған үзінділері туралы бір-бірімен пікір алмасу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 2022-2023 оқу жылының тәрбие бағыты бойынша "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында көркем әдеби кітаптарды оқыту дәстүрі қолға алынған.
Дәстүрлі үрдісті жалғастыру мақсатында 7-сынып оқушылары мектеп кітапханасында 20 минуттық кітап оқып, оқыған үзінділері туралы бір-бірімен пікір алмасты.
Ұлы заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов: "Әрбір адамның ең жақын досы кітап болуы тиіс",-деп айтқандай, жас жеткіншектердің кітаппен дос болып, оқуға деген белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шаралардың алар орны ерекше.





