07
октябрь
2022
А. Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай " Дара тұлға, дархан жан, дана ұстаз" тақырыбында Макаев Ілияс Төлегенұлына арналған кабинеттің ашылуы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде А. Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай " Дара тұлға, дархан жан, дана ұстаз" тақырыбында Макаев Ілияс Төлегенұлына арналған кабинеттің ашылу кеші өткізілді.
2003 жылы А. Асқаров атындағы мектеп Самал-2 мөлтек ауданында ашылды.
2003-2019 жыл аралығында мектеп директоры болып қызмет атқарған, еңбегімен қалалық білім беру саласында мәртебесі биік ағамыз Ілияс Төлегенұлы бүгінде жанымыздан кеткеніне бір жылдан асып барады. Мектептің өркендеуіне аянбай еңбек еткен ағайдың есімі ешқашан ұмытылмайды. Салтанатты кештің қонақтары: қаланың құрметті азаматтары, мектебіміздің зейнеткер-ұстаздары, ағайдың достары, жұбайы Жамал апай, бала-шағалары, немерелері келді. Мектеп оқушылары ән айтып, арнау өлеңдер оқыды. Қонақтар мектеп мұражайын көрді. Ілияс Төлегенұлының жұбайы Жамал апай мен М.Әуезов атындағы университеттің жалпы кәсіптік-техникалық білім және еңбек факультетінде декан болып зейнетке шыққан досы Камалов Юсупалы Назымович кабинетті салтанатты түрде ашты.















