01
сентябрь
2022
"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық " тақырыбындағы салтанатты жиын
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 1.09.2022 ж.күні 2022-2023 оқу жылына арналған "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық " тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Мектеп-лицей директоры Аюбаева Толкын Полатбаевна салтанатты жиынды ашып, білім күнімен құттықтады.
Салтанатты жиынға Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Рыскелді Әліш, ҚР Семей ядролық полигонының ардагері Махамбетов Абдумалик Абдурашитович және ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесінің мүшелері,1-сынып ата-аналары қатысып, жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды "Балалар жылы"деп жариялағанын, болашақ балалардың барлық жағдайына баса назар аудару керектігін атап өтті.
2022-2023 оқу жылында Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, бұлбұл әнші атанған Роза Бағланованың 100 жылдығы,Қаз дауысты Қазыбек биге 355 жыл толуы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдық мерейтойларымен қатар қоғам қайраткері әрі дара тұлға- Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойлары республикалық кең көлемде аталып өтуде екені айтылды.



