22
октябрь
2022
Республика күніне орай ұйымдастырылған "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбындағы он күндік іс-шаралар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 12–22.10.2022ж.күндері аралығында Республика күніне орай "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында он күндік іс-шаралар өткізілді.
Республика күнін мерекелеу аясында кіндік қаны тамған жерін сурет арқылы түрлі бояулармен көркемдеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Қыл қалам арқылы қуатты ел екендігімізді мақтан етіп, эсселер жазды.
Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанын сүю, қастерлеу, қадірлеуге бағытталған ашық тәрбие сағаттары, көрмелер, әдеби монтаж сынды патриоттық мәні зор шаралар өткізілді.
Еліміздің бақытын тербеткен Республика күні құтты болсын!






