Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
17
октябрь
2019

"Отбасы-бақыт мекені"

       Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019жылғы 28тамыздағы №3-15-6/2992-И хатына сәйкес, Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде ағымдағы жылдың 6-14 кыркүйек аралығында "Отбасы-бақыт мекені" атты республикалық апталық өткізілді. Отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ата-аналарға балалар тәрбиесіндегі жауапкершілікті нығайту мақсатында, А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 10.09.2019жылы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, психолог, өзін-өзі тану мұғалімдері және ата-аналар мен сынып жетекшілердің қатысуымен тренинг сабақ пен кеңес өткізілді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мусралиева Л. Білім басқармасы ҚР Білім және министрлігінің 2019 жылғы Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде "Отбасы-бақыт мекені" атты апталықтың жоспарымен таныстыра отырып негізгі мақсатын атап өтті. Іс-шара психологтың "Рахмет-анашым", "Сергіту сабағы" жайлы видеороликтерінен басталды. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Әлдешова Р. "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында баяндама оқып,ата-аналардың жауапкершілік заңдылықтарына тоқтады. Келесі кезекте мектеп психологы Жүрімбай Г. сынып жетекшілер, ата-аналар және қонақтармен "Кедергіден оқушыны қалай өткізу" және "Күйзелістен айығу", "Шарлармен теріс эмоцияны шығару" мақсатында керемет тренингтер ұйымдастырылды. Ата-аналар өз жанұясында балаға көңіл бөлу жауапкершілігін сезіне отырып,мектеп тарапына үлкен алғыстарын айтты. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив