ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 2018-2019 оқу жылында 86 бітіруші Ұлттық біріңғай тестке қатысып бүгінгі күннің нәтижесінде 48 оқушы мемлекеттік грантқа ие болып, түрлі мемлекеттік жоғарғы оқу орындары түсті.Мектеп-лицей директоры Аюбаева Толқын Полатбаевна түлектерді бүгін жетістіктерімен құттықтап алдағы уақытқа сәттілік серік болуын білдірді. Қала көлемінде жоғарғы балды иеленген.
11 Ә сынып оқушысы қызыл аттестат иегері бір неше Республикалық, облыстық, қалалық түрлі байқаулармен олимпиадалар жеңімпазы Дауленбаева Аружан Қайратқызы 139 бал жинап елордамыз Нұр -Сұлтан қаласындағы Жалпы Медицина университетінің студентті атанды.
11 А сынып оқушысы Ахылова Жанар Есімқызы алтын белгі иегері 130 бал жинап елордамыз Нұр -Сұлтан қаласындағы Жалпы Медицина университетінің студентті атанды.
11 Ә сынып оқушысы Ағзамхан Ақжол Муратұлы оқу озаты 134 бал жинап Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студентті.







