Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "Балалар жылы" аясында өткізілген "Жауқазын" Республикалық өнерлі балалар байқауы
15
октябрь
2022

"Балалар жылы" аясында өткізілген "Жауқазын" Республикалық өнерлі балалар байқауы

🇰🇿 Жеңісімізді туған жерге арнаймыз! 🇰🇿
     Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы "Балам" дейтін жұрт болмаса,"Жұртым" дейтін бала қайдан өссін  деген екен.Балаларымызды тек перзентіміз деп емес,елдің ертеңі мен болашағы деп санаймыз.Сондықтан біз ,ұстаздар  балаға білім берумен қатар туған жерін,елін ардақтап өтетін,Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеуге тырысамыз. 
      Бұл постымызда да мектебіміздің атын өз талантымен танытып жүрген патриот жастарымызды  дәріптегіміз келеді. 
      "Балалар жылы" аясында өткізілген "Жауқазын" Республикалық өнерлі балалар байқауында бейнелеу  жанры  бойынша өнер көрсеткен   11"А"-сынып оқушысы Бектемисова Айзада "Бас жүлдеге", 9"Д"-сынып оқушысы Адейбек Әсел 1-орынға ие болды("Отан-бақыт ордасы" тақырыбында сурет салды). Ал қолөнер жанры  бойынша өнер көрсеткен  9"Е"-сынып оқушысы Джусенова Гаухар 1-орынға ие болды.
     Болашақта оқушыларымызға сенім арта отырып,талаптарыңа нұр жаусын деп тілек білдіреміз.
     Шәкірттеріміз көк туымызды көкте желбірете берсін!🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив