24
октябрь
2022
Қалалық Оқушылар сарайында өткен "Жас Ұлан ұйымының Ұланбасшы сайлауы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицей. Қалалық Оқушылар сарайында "Жас Ұлан ұйымының Ұланбасшы сайлауы"өтті. Қала мектептерінен таңдалған 8 кандидат бақ сынасты олар сайлау алды жоспарларымен таныстырды."Жас Ұлан" жеті бағытын қамтыған олар айқын мақсаттарымен жарыса, отырып бәсекеге түсті. Сайлау нәтижесінде басымдық көрсетіп оқушымыз Әзімхан Бекарыс Ақжолұлы ресми түрде „Қалалық Жас Ұлан ұйымының Ұланбасшы" болып сайланды.Бекарыс жүйелі жасалған бес бағыт бағдарламасымен көрермендерді тәнті етті.
"Жас Ұлан жасөспірімдер ұйымының"негізгі мақсат-міндеттері өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруіне жауапкершілікпен қарау.Көшбасшылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Әзімхан Бекарыс оқуда озат, дебатқа белсенді қатысушылардың бірі.
Бекарысқа мектеп мәртебесін биіктерден көрсете бер демекпіз!



