18
октябрь
2019
"Экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде Шымкент қалалық Білім басқармасының 25.09.19ж №10-12-11/7357/7 хатын негізге ала отырып, Республикалық экологиялық сағатты өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, тәрбиелеу мақсатында 01.-03.10.19ж. аралығында "Экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметін бағалау" бағытында "Жылыжайда көкөністерді өсіру технологиясы", "Бөлме өсімдіктерін күтіп баптау жолдары", "Табиғат тағдыры, адамзат тағдыры" атты интеграциялық сабағы, "Табиғат тіршілік-көзі" тақырыбында мектеп оқушылары эссе жазды. "Табиғат-тіршілік аясында" атты саяхат сабағы дендросаябағында жалғасын тапты. Экосағаттың негізгі мақсаты оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау табиғи ресурстарды сақтау, дұрыс тамақтануды дамыту және көптеген басқа мәселелерді талқылай отырып, диалог жүргізді.
Іс-шара видеосының сілтемесі:https: //www.facebook.com/77mektep.lisei/videos/231060661197592/