Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
17
октябрь
2019

"Саналы ұрпақ-жарқын болашақ"

   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында Алғаш қоңырау салтанатты іс-шарасы болып өтті. Мерекелік іс-шараға Жол көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Қ.Ә.Жұматаев, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д.У.Батырханова, ата-аналар комитетінің К.Иманбайұлы, зейнеткер ұстаздар қатысты. Мектеп-лицей директоры Аюбаева Толқын Полатбаевна жаңа оқу жылымен мектеп ұжымын және оқушыларды құттықтады. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, білім әлеміне жаңадан қадам басқан 1-сынып комплектісі 11 сынып болып, білім ордасының оқушылар қатарын толықтыра түсті. Концерттік бағдарлама Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, 2019 жыл Қазақстанда "Жастар жылы", ТМД-ұйымының шешімімен кітап жылы, А.Құнанбаевтың 175 жылдығы бүгінгі мерекелік іс-шарамызға арқау болды. А.Құанбаевтың 175 жылдығына орай мектебіміздің 11 сынып оқушысы Шанияз Диас қалалық көркем сөз оқулықтарының бірнеше жеңімпазы Абай бейнесін жоғары деңгейде сомдап шықты. Қазіргі заманауи тұжырымды негізе ала отырып IT-технологияларды меңгеру мақсатында "U:hack Atyrau" 24 сағатта атты иновациялық идеялар фестивальінде Ирисбеков Мақсат бастаған "City of the future" жобасы ІІ орын иегерлері өз жобаларын мерекелік іс-шарада көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңы тәрбие сағатқа ұласып, салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. 
Іс-шара видеосының сілтемесі:https://www.facebook.com/77mektep.lisei/videos/224058541897804/
https://www.facebook.com/77mektep.lisei/videos/224058541897804/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив