19
октябрь
2022
Республика күніне орай 8-10 сыныптар арасында "Республика күні- ұлттық мереке" атты жазба жұмысын (эссе) жазу байқауы
Қалалық білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде Республика күніне орай 8-10 сыныптар арасында "Республика күні- ұлттық мереке" атты жазба жұмысын (эссе) жазу бойынша байқау өткізілді.
Байқау мақсаты жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімдерін арттыруға бағытталды.
Эссе байқауына Қазақстанның болашағы мен оны қалыптастырудағы көзқарасын айқын білдіретін оқушылар қатысты. Жазба жұмысының тақырыбы беріліп, байқау белгіленген бір мерзімде өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жүйелі әрі сауатты жазған оқушылардың жазба жұмысы жүлделі орындармен марапатталды.
Республика күні құтты болсын!
Еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болсын!





