Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
17
октябрь
2019

"Жарқын болашақты қалаймыз"

    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 19.09.2019ж. "Қылмыссыз балалық шақ"атты айлық акциясының өтуіне орай "Жарқын болашақты қалаймыз" атты пікір алмасу кеші өткізілді. Пікіралмасуға Құқық қорғау органының қызметкері, Әл-Фараби полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қошанов Ернар Жомартұлы қатысты. Пікіралмасу барысында қазіргі таңдағы қылмыстың түрлері, оның шығу себептері туралы сұхбат құра отырып, қылмысты болдырмау жолдарын қарастырды. Жағдаяттарға байланысты сұрақтар беріліп, оқушылар өз ой пікірлерін ортаға салды. Мектеп оқушылары бейбіт қоғамда бақытты ғұмыр кешуге лайықты екендіктерін, қылмыссыз қоғамды қалыптастыруға өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив