18
октябрь
2019
"Қылмыссыз балалық шақ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде 25.09.2019ж күні "Қылмыссыз балалық шақ" айлық іс-шарасы аясында,нашақорлық пен ЖИТС-тің алдын алу мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында арнайы кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп-лицей директоры Т.П.Аюбаева,Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу жөніндегі орталық маманы: Н.Жүргенбаева, ОҚО СӨСҚО-ның нарколог маманы Р. Баймұрынова қатысты. Кездесу барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, оқушыларды өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтарға жауап алынып, ұсыныс пікірлер тыңдалды. 








