Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
17
октябрь
2019

"Адалдық" сағаты

     Шымкент қалалық білім басқармасының А.Асқаров атындағы N77 мектеп-лицейде 2.09.2019ж біріңғай "Адалдық" сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Жиынға Шымкент қаласы АБ Əл-Фараби АПА ЖПҚБ ЮПБ инспекторы аға лейтенант Аманбаев Шерхан Нұрланұлы,"Нұр-Отан"партиясының мүшесі Алмас Қайратұлы, Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Салымбетов Ерғали, ата-аналар ұйымының төрағасы Иманбайұлы Керімбай қатысты. Мектеп-лицей директоры Аюбаева Толқын Полатбаевна бүгінгі «Адалдық» сағатының мақсатымен маңыздылығын айтып өтті. Мектеп ұстаздары Шойнақова Раушан, Достаева Ләззатың баяндамасы тыңдалды. Оқушыларға адалдық , парасаттыдық, шыншылдық ұғымы жайлы кеңінен түсінік бере отырып оқушыларды өз елінің адал патриот ұрпағы болуға бағытталды. Іс-шара соңы ашық тарбие сағатына ұласты. «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік!» тақырыбында келген қонақтармен ұстаздар және оқушылар арасында қызықты дебат сайыстары ұйымдастырылып өткізілді. 

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив