Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » » Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
22
декабрь
2022

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру

А. Асқаров атындағы №77 мектеп - лицейі

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру бойынша

АҚПАРАТ

22.12.2022ж

Мақсаты: Асханадағы санитарлық-гигиеналық жағдайды тексеру. 2022 жылдың желтоқсан айының 22 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізубойынша бракераж комиссия мүшелері мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.

       Тексеру кезінде төмендегі жұмыстар бақыланды:

1.Ыдыс-аяқтардың сапасы;

2.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы

3.Күнделікті астың ас мәзіріне сай дайындалуы,тамақтың сапасы,нормаға сәйкестігі;

4.Азық-түліктердің талапқа сай сақталу жайы.

Асханаға әкелетін азық-түліктің мерзімін және дайын тағамдардың сапасын, сатуға тыйым салынған өнімдердің болмауы, ас блогының санитарлық талаптарға сай, таза болуы қадағаланды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы мектептің медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеріліп отырады. Балалардың тағам және сусын ішетін ыдыс пен қасық аптасына бір рет дихлорланады. Оқушылардың ішетін ауыз суы толтырылып, бір реттік қолданылатын стакан қойылған. Тағам ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай беріледі. Келген азық-түлік сапасы жақсы,жарамдылық мерзімі жарамды екендігіне көз жеткізе отырып қабылданады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы қанағаттанарлық. Медбикенің қадағалуымен күнделікті ас мәзірі бекітіліп, ілінген. Асхана қызметкерінің сырт келбетіне ескерту айтылды.

Ұсыныс: 

1.ҚББ-нің САН ПИ нің бекітілген ас мәзірі бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді жалғастыру. Асхана қызметкерлері бір келкі халат киілсін.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив