Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
06
октябрь
2022

Асхана жұмысы

А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде бүгінгі таңда 1330 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 578 оқушы жалпыға міндетті білім қоры есебінен, 752 оқушы Шымкент қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №1524 қаулысымен тамақтануда.
    Оқу жылы басында бракераждық комиссия құрылып, апта сайын асхана жұмысын жүйелі түрде бақылау жасауда. Тексеру барысында асхана тазалығын, тамақтың сапасын, ас мәзіріне әкелінген азық-түліктің мерзімі мен сапасын талапқа сай екендігін тексерді. Бракераждық комиссия мүшелері  "Қамқоршылық кеңес" төрайымы Д.Батырханова, ата-аналар комитетінің төрағасы К.Иманбайұлы,  ата-аналар: Ә.Жұмжаев,  Ж.Абдыкадирова, Ә.Жұмаұлы асхана жұмысына өздерінің оң бағасын берді. 
     Шымкент қалалық білім басқармасы мен санитарлық эпидемиологиялық орталықпен бекітілген ас мәзірі оқушыларға берілуде.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив