Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » » Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру
27
январь
2023

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру

А. Асқаров атындағы 77 мектеп - лицейі

Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру бойынша

АҚПАРАТ

 27.01.2023ж

Мақсаты: Асханадағы санитарлық-гигиеналық жағдайды тексеру. 2023 жылдың қаңтар айының 27 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізубойынша бракераж комиссия мүшелері мектеп асханасының жұмысын және санитарлық талаптардың орындалуын бақылады.

Тексеру кезінде төмендегі жұмыстар бақыланды:

1. Азық-түліктердің талапқа сай сақталу жайы.

2.Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы

3.Күнделікті астың ас мәзіріне сай дайындалуы, тамақтың сапасы, нормаға сәйкестігі;

4. Ыдыс-аяқтардың сапасы;.

Асханаға әкелетін азық-түліктің мерзімін және дайын тағамдардың сапасын, сатуға тыйым салынған өнімдердің болмауы, ас блогының санитарлық талаптарға сай, таза болуы қадағаланды.

 Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы мектептің медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеріліп отырады. Балалардың тағам және сусын ішетін ыдыс пен қасық аптасына бір рет дихлорланады. Оқушылардың ішетін ауыз суына филтр орнатылған. Тағам ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай беріледі. Келген азық-түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі жарамды екендігіне көз жеткізе отырып қабылданады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы қанағаттанарлық . Медбикенің қадағалуымен күнделікті ас мәзірі бекітіліп, ілінген. Азық-түлік сақтау үй-жайының терезесіне москитті тор ілінбегені, тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың таңбаланбауы анықталды.Сонымен қатар асхана қызметкерінің сырт келбетіне ескерту айтылды.

Ұсыныс: 

1.Тамақ қалдықтарын салатын ыдыс таңбалансын.

2.Азық-түлік сақтау үй-жайының терезесіне москитті торын  ілу ДШІЖО Б. Тохумбековаға жүктелсін.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив