16
январь
2023
Асханадағы «Ашық есік» күні
Асханадағы «Ашық есік» күні
Мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында 2023 жылдың 16 қаңтар «Ашық есік» күні болып белгіленген. Ата-аналар асханадан ас мәзірінің берілу ережесімен танысып, өздерінің оң пікірлерін білдірді. Берілген ас мәзірінің дәмділігі мен татымдылығын көріп көз жеткізіп, арнайы кітапшаға пікірлерін жазды.Ата-аналар асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысын, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен танысты.
Аталған «Ашық есік» күні балаларға сол күнгі ас мәзіріне сәйкес тағамдар дайындалып берілді.
Өз кезегінде ата-аналар дайындалған тағамдардың сапасы, дәмі және түрімен танысып, асхана аспазшысына ризашылықтарын білдірді.


