Тамақтану сапасына бақылау комиссиясының мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына бақылау комиссиясының мониторинг жүргізу актісі
А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейі
2023 жылдың 25 сәуір күні тамақтану сапасына бақылау комиссиясының мониторинг жүргізу актісі жасалды.
Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:
Асханаға әкелетін азық-түліктің мерзімін және дайын тағамдардың сапасын, сатуға тыйым салынған өнімдердің болмауы, ас блогының санитарлық талаптарға сай, таза болуы қаралды.
Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы мектептің медбикесінің бақылауымен күнделікті тексеріліп отыр. Балалардың тағам және сусын ішетін ыдыс пен қасық аптасына бір рет дихлорланады. Оқушылардың ішетін ауыз суы құрылғысы қойылған. Тағамдар ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай беріліп жатыр. Келген азық-түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі жарамды екендігіне көз жеткізе отырып қабылданады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы қанағаттанарлық деңгейде. Медбикенің қадағалуымен күнделікті ас мәзірі бекітіліп ілінген. Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың жаңалану керектігі айтылды.
Ұсыныс:
1.Асханада жабдықтар мен мүкәммалардың таңбалары жаңартылсын.
2.Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс ауыстырылсын.



