05
октябрь
2021
«Заң-Оқушы-Заман» пікірсайыс
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуын алдын алу» айлық іс-шарасы негізінде 05.10.2021 жылы А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде тарих пән мұғалімдері Ботабаева Күнсұлу, Достаева Ләззат, Сопбекова Гүлдананың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «Заң-Оқушы-Заман» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың орын алуын алдын-алуда ата-ананың ролі қандай?» тақырыбы қозғалды. Жақтаушы және даттаушы тараптар өз пікірлерін білдіріп, видео көрсетілім барысын ортақ талқылады. Пікір сайыс барысында оқушы және ата-ана міндеттері айтылып, қазіргі қоғамда орын алып отырған, оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары талқыланды.





