Школа №77
Телефоны приемной:
(8773) 45-17-85
(8777) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «Қоғамдық тәртіп негіздері, қыз тәрбиесі» дөңгелек үстел
08
октябрь
2021

«Қоғамдық тәртіп негіздері, қыз тәрбиесі» дөңгелек үстел

Кәмілетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жарияланған айлық іс-шараның негізінде 08.10.2021ж  А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері  Шойнахова Раушан, Даурбаева Мира, Оразымбетова Несібелі, Сейданова Перизаттың ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері, қыз тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы түсінікпеушілікті алдын алу айтылды. Қыз баланы тәрбиелеу барша қоғамның міндеті. Тәрбиелі қыз өсіру - елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Осы ойды қыздарға сіңіруді мақсат еткен шарада қыз баланың әдеп ережелері тақырыбында баяндамалар оқылып, өзара талқыға түсті. Қыз баланың тәлім-тәрбиесіндегі ерекшеліктер ортаға салынды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив