17
октябрь
2019
"Отбасы-бақыт мекені" апталығының жалғасы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде отбасы күніне арналған "Отбасы-бақыт мекені" апталығы жалғасуда. 11-сынып оқушыларымен өзін-өзі тану мұғалімдері отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында "Отбасының басты қызығы не?"-тақырыбында слайд шоу, "Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі" тақырыбында видеоролик оқушыларға өте жағымды әсер қалдырды. Мектебіміздің 8-сынып оқушылары және ата-аналар арасында "Баланың бас ұстазы-ата анасы" тақырыбы аясында, ата-аналар мен оқушыларға отбасында болатын кейбір жағдайдан шығу жолдары жайында жүргізілген тренинг өте сәтті өткізілді.







