14
октябрь
2022
Қазақстан Жазушылар одағының әдеби, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрыңғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі - Жүніс Сақұрпағымен (Сахиев) кездесу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 7- сынып оқушылары қазан айының 14.10.2022 ж.күні Тарихи-өлкетану мұражайында жазушы-болашақгер, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрыңғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі - Жүніс Сақұрпағымен (Сахиев) кездесу өткізді.
2018 жылы авторлық сериясының «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» ғылыми-болашақтық романдарының журналдық нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен «Жазушы», «Мектеп», «Атамұра», «Арман-пв» баспаларынан жарық көрген қазақ орта мектептерінің 8-ші сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы мен хрестоматиясына енген болатын.
Өз кезегінде кеш иесі Жүніс Сақұрпағы өзінің балалық шағы мен балалық армандары жайында сырлы әңгімелеріммен бөлісті.
Сонымен қатар, Саз колледжінің студенттері терме орындап, күйден шашу шашты.
Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды.



