17
октябрь
2019
"Қызды қырық үйден тыю"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров №77мектеп-лицейінде "Қызды қырық үйден тыю" тақырыбында №6 емхана психологы З.Онгарова, А.Сарсенбаева, гинекологы У.Нарметовалардың қатысуымен 8 сынып қыздарымен тренинг өтті. Жасөспірім қыздарға арналған ашық түрде сауалнама жүргізілді. Ерте жүктілікке жол бермеуге және алдын алуға байланысты жасөспірім қыздарымыздың бойында имандылық мәдениетін жаңғырту, өзіне деген сенімділігін нығайту, жыныстық тәрбие туралы психологиялық кеңестер берілді. 














